21 жастағы қазақ баласы допинг қолданғаны үшін ауыр жаза арқалады

Бүгін, 10:24 / Ахмет Қанатұлы
instagram.com/ktf_krg_tennis. Суретте: Арсланбек Айтқұлов

Қазақстандық теннисші Арсланбек Айтқұлов антидопинг ережесін бұзғаны үшін дисквалификация алды. Бұл туралы Халықаралық адалдықты қамтамасыз ету агенттігі хабарлады, деп жазады Sportinside.kz.

Тәуелсіз трибуналдың шешімі бойынша, 21 жастағы Арсланбек Айтқұлов 2024 жылдың қаңтарында тапсырған сынамасынан табылған екі тыйым салынған заттың ағзасына кездейсоқ түспегенін дәлелдей алмады.

Спортшыға антидопинг ережесін бұзғаны туралы алдын ала хабарлама 2024 жылдың наурыз айында жіберілген.

Айтқұловтың сынамасы Катардың Доха қаласында өткен ITF World Tennis Tour жарысы кезінде алынған болатын.

Сынама "A" және "B" үлгілеріне бөлініп тексерілді. Нәтижесінде екі үлгіден де тыйым салынған лиганрол мен метилгексанамин заты анықталды.

Тэгтер:

Теннис допинг Арсланбек Айтқұлов