УЕФА Чемпиондар лигасы: "Селтик" – "Қайрат" матчын қайдан көруге болады?

Бүгін, 08:32 / Ахмет Қанатұлы
"Қайрат" футбол клубының баспасөз қызметі. Суретте: "Қайрат" футбол клубы

Алматылық "Қайрат" футбол клубы 20 тамыздан 21 тамызға қараған түні УЕФА Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде шотландиялық "Селтикке" қарсы ойнайды, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Іріктеу кезеңіндегі матчтың алғашқы ойыны Глазгода (Шотландия) өтеді. Аталмыш кездесудің тікелей трансляциясы Қазақстан уақыты бойынша сағат 00:00-де басталады. Ойынды "Qazsport" телеарнасынан көруге болады. 

Айта кетейік, бұл ойын шотландиялық клуб үшін 2025/26 маусымындағы алғашқы еурокубоктық матч болмақ. Ал "Қайрат" бұған дейін үш іріктеу кезеңінен өтті:

Еске салсақ, бұл маусымдағы еурокубокта Қазақстан атынан төрт команда өнер көрсетті. Алайда "Астана", "Ақтөбе" және "Ордабасы" жарыс жолынан шығып қалған еді.

Тэгтер:

Қайрат Чемпиондар лигасы Селтик Селтик-Қайрат тікелей эфир