фото: ашық дереккөзден
Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай әлеуметтік желіде әйеліне құшақтасып түскен фотосы үшін сынға ұшырады, деп хабарлайды ozgeris.info.
Отбасылық демалыс кезінде түсірілген суретке жүздеген пікір жазылып, желі қолданушылары әкім мен оның жұбайын талқыға салды.
Кейбір пайдаланушылар әкімнің отбасына қатысты суреттерін жариялауды орынсыз деп бағаласа, тағы бір бөлігі оның жеке өмірі мен әйелін сынға алды.
Мысалы, бір оқырман: "Мен шаршаған әйелді көріп тұрмын" деп жазса, екіншісі: "Өз әйелін қадірлемеген басқаны қадірлей ме?" деп пікір қалдырды.
Сонымен қатар, кейбірі бұл суретті «әйелге адалдықтың көрінісі» деп сипаттаса, басқа топ «қоғам қайраткерлерінің әрекеттері көпшіліктің назарында болғандықтан мұндай фотоларға абай болу қажет» деген ой айтты.
Қарапайым отбасы фотоcына қатысты қызу талқылау қоғамда шенеуніктердің жеке өмірі мен отбасы мәселесінің жұрт назарында қаншалықты екенін тағы бір мәрте көрсетіп берді.