Хамзат Чимаев UFC чемпионы атанғаннан кейін келесі қарсыласын атады

Бүгін, 13:25 / Ахмет Қанатұлы
ашық дереккөзден. Суретте: Хамзат Чимаев пен Шавкат Рахмонов

UFC-дің орта салмақтағы чемпионы, БАӘ атынан өнер көрсететін Хамзат Чимаев келесі титулдық жекпе-жегіндегі қарсыласын атады, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Әлеуметтік желідегі парақшасында жұлдызды файтер қысқа ғана "RDR" деп жазып, қарсыласының кім болатынын меңзеді. Бұл – Нидерландтан шыққан, орта және жартылай ауыр салмақтағы бұрынғы ONE Championship чемпионы Ренье де Риддер.

Еске сала кетсек, 17 тамызда өткен UFC 319 турнирінде (Чикаго, АҚШ) Чимаев оңтүстік африкалық Дрикус Дю Плесспен чемпиондық белбеу үшін айқасты. Бес раундқа созылған жекпе-жекте Хамзат Чимаев ірі жеңіске жетті.

Тэгтер:

UFC Шавкат Рахмонов Хамзат Чимаев