Әлем чемпионаты қарсаңында қырғыздар өте ауыр хабарды естіді

Бүгін, 12:37 / Ахмет Қанатұлы
sportinside.kz коллажы. Суретте: Ақжол Махмудов пен Жоламан Шаршенбеков

Екі дүркін әлем чемпионы Жоламан Шаршенбеков (-60 кг) пен Ақжол Махмудов (-75 кг) алдағы Загребте (Хорватия) өтетін әлем біріншілігіне қатыса алмайды, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Белгілі болғандай, Қырғызстанның атақты классиктері жарақат алып, жарыс жолына шығу мүмкіндігінен айрылған. Екеуі де Олимпиада ойындарының жүлдегерлері әрі екі мәрте әлем чемпионатының жеңімпаздары атанған.

Жоламан да, Ақжол да алтын медальді 2022 және 2023 жылдары жеңіп алған болатын.

Тэгтер:

күрес Әлем чемпионаты Ақжол Махмудов Қырғызстан Жоламан Шаршенбеков