"Жаны жәннатта болсын": Елге танымал спортшы ауруханада қайтыс болды

Бүгін, 10:34 / Ахмет Қанатұлы
ашық дереккөзден

Ақсарайда өткен парапланеризмнен әлем кубогына іріктеу жарыстарында қатысушы спортшы Дженгиз Кальонджу ауыр жарақат алып, қайтыс болды, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Хасан тауында өткен сайыс барысында 57 жастағы Ченгиз Кальонджу қону кезінде ауыр жарақат алған. Оны жедел жәрдеммен Ақсарайдағы ауруханаға жеткізгенімен, дәрігерлердің барлық әрекетіне қарамастан, өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.

Парапланерист әуеге көтерілгеннен кейін бірден байланыс үзілген. Кейіннен GPS арқылы спортшы Хелвадере ауылына жақын маңнан ауыр жарақат алған күйінде табылған.

Жергілікті билік өкілдерінің мәліметінше, Кальонджу қону салдарынан зардап шеккен. Ол ауруханада көз жұмды.

Марқұмның денесі сот-медициналық сараптамадан соң оның туған жері Газиантепке жеткізіледі. Ақсарай губернаторлығы спортшының қазасына байланысты ресми түрде көңіл айтты.

Тэгтер:

Дженгиз Кальонджу Ақсарай