фото: ашық дереккөзден
Әнші Әйгерім Қалаубаева соңғы күндері әлеуметтік желіде қызу талқыланған қауесеттерге қатысты пікір білдірді. Соңғы уақытта көпшілік оны әріптесі, актер әрі әнші Нұрлан Әлімжановпен жиі байланыстырып жүрген болатын.
Желі қолданушылары "екеуінің арасында бір сыр бар" деген сыңайдағы жазбалар қалдырып, түрлі жорамал жасаған. Осыған орай Қалаубаева Нұрлан Әлімжановпен бірге видео жариялап, тыңдармандарына үн қатты.
"Өмір емес, өнер жолында танысқан,
Жұптармыз тек тойларда табысқан", – деп жазды Әйгерім Қалаубаева.
Аталған бейнеролик жарияланған сәттен бастап желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Бірі «екеуі сахнада да, өмірде де жарасымды жұп» деп қолдаса, енді бірі "тек шығармашылық серіктестер ғана" деген ой білдірді.
Айта кетейік, Қалаубаева мен Әлімжанов бұған дейін бірнеше мәрте дуэт орындап, түрлі мәдени шараларда бірге өнер көрсеткен. Осы себептен олардың жеке қарым-қатынасы жайлы әңгімелер жиі тарап жүр.