Қазақстан еркін күрес құрамасының мүшесі Камиль Куруглиев Болгарияның Самоков қаласында өтіп жатқан U20 әлем чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Камиль Куруглиев 92 келіге дейінгі салмақта алтын жүлде үшін сынға түседі.
Жартылай финалда Камиль Куруглиев әзербайжандық Анар Джафарлиді 9:6 есебімен тізе бүктірді.
Бүгін, 19 тамыз күні, қазақстандық балуан финалда өзбекстандық Шерзод Поеновпен кездеседі.
Еске сала кетейік, 125 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Едіге Қасымбек қарсыластарына дес бермей, чемпион атанды.