"Өзімді еркін сезіне алмадым": Майғазиевтің келіні отбасындағы шұғыл хабарды айтты (ФОТО)

18 тамыз, 2025 / Ахмет Қанатұлы
ашық дереккөзден

Танымал әнші Сәкен Майғазиевтің келіні Әдия желідегі парақшасында жаңа жазба жариялады.

Әдия Instagram желісіндегі ресми парақшасында сторис жариялап, ағылшын тілін үйренуді бастап жатқанын айтты.

"Шетелде жүрген кезімде өзімді еркін сезіне алмадым. Өйткені, ағылшын тілін әлі де дамыту керек екенімді түсіндім. Қазір оқу айы келе жатыр, соған мен де туралап, оқуды бастап жатырмын", – деп жазды Әдия.

Сондай-ақ Сәкен Майғазиевтің келіні желідегі парақшасында өзінің гардеробын көрсетіп, жұртты тамсандырды.

Тэгтер:

Сәкен Майғазиев Әдия үнсайд