"Есіл ер еді": Мұстафа Өзтүріктің бұған дейін жарияланбаған видеосы тарады

18 тамыз, 2025 / Ахмет Қанатұлы
facebook.com/@ConfederatSport. Суретте: Мұстафа Өзтүрік

Әлеуметтік желіде Мұстафа Өзтүріктің еш жерде жарияланбаған видеосы тарады, деп хабарлайды Sportinside.kz.

FaceBook желісіндегі Qazaqstan tarihy парақшасында таеквондо аңызы Мұстафа Өзтүріктің ерекше видеосы жарияланды. Бұл видеода ол таеквондодағы шеберлігін көрсетіп, жұртты таңғалдырды.

Бейнеролик астына қалдырылған пікірлердің басым бөлігі – жүрекжарды лебіздер мен сағынышқа толы естеліктер.

"Ғажап шеберлік", "Арыстандай айбатты ер еді", "Ұлттық батыр деңгейіндегі тұлға", "Маңдайға сыймай кеткен есіл ер", "Елі үшін еңіреген ер еді ғой", – деген жылы пікірлер көптеп жазылды.

Мұстафа Өзтүрік (Мұстафа Кәбенұлы Әбдірахман) – таэквондодан қара белбеу 6 дан иегері, Қазақстанға осы спорт түрін алғаш әкелген, халықаралық дәрежедегі жаттықтырушы. Ол Түркияда дүниеге келіп, Тайваньда білім алып, Еуропада таэквондо мектептерін ашқан. 1990 жылдары тарихи Отанына оралып, Қазақстанда таэквондоның дамуына өлшеусіз үлес қосты. Шәкірттері алғаш рет қазақ туын халықаралық ареналарда көтерді. Өкінішке қарай, 1995 жылы Алматыда жұмбақ жағдайда қаза тауып, Стамбұлда жерленді.

Тэгтер:

Мұстафа Өзтүрік таеквондо