Қазақ бапкерлері әлем чемпионаты алдында күтпеген шешім қабылдады

18 тамыз, 2025 / Ахмет Қанатұлы
instagram/emilomorov. Суретте: Мұхаммедсабыр Базарбай уулы

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бапкерлер қосыны әлем чемпионаты алдында маңызды шешім қабылдады, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Дереккөздің мәліметінше, ертең құрамада спаррингтік жекпе-жектер болады. 60 кг дейінгі салмақ дәрежесінде ұлттық құрама мүшелері Бейбарыс Жексен мен Серік Теміржанов кездеседі. Ал 65 кг дейінгі салмақта Мұхаммедсабыр Базарбай уулы мен Ертуған Зейнуллинов күш сынасады.

Дереккөздің хабарлауынша, бұл жекпе-жекте жеңген боксшы әлем чемпионатына барады.

Тэгтер:

Бокс Қазақстан Әлем чемпионаты Серік Теміржанов Ертуған Зейнуллинов Мұхаммедсабыр Базарбай уулы Бейбарыс Жексен