Бұрынғы әнші Айдана Меденова қызының хиджаб кию туралы мәселесіне қатысты өз пікірін білдірді.
"Көптеген пікір қалдырушылар шектен шығып, біз Аминаға хиджаб киюге мәжбүрлеп жүрміз деп жазады. Естеріңізге салайын: ол әлі бала. Оның жасында хиджаб кию міндетті емес. Тіпті дәл қазір шешіп тастағысы келсе де, онда тұрған ештеңе жоқ.
Мен үшін мүлде басқа нәрсе маңызды. Мен әрқашан Аминаға бір ғана нәрсені айтамын: сен өзіңнің болмысыңмен құндысың. Ешкімге ештеңені дәлелдеудің де, түсіндірудің де қажеті жоқ. Ұяттылық пен хиджаб – қысым емес, таңдау және Алланы, өзін сүю жайлы.
Мен бұл түсінікке өте ұзақ уақытпен жеттім, ал ол менен тезірек, өзіне тән жеңілдікпен әрі шынайылықпен түсінді. Әлхамдулиллаһ, Алла Тағала оған жеңілдік берсін. Мен оның жолы әрқашан жеңіл, саналы әрі нұрға толы болсын деп тілеймін", – деді Айдана Меденова.