Куба құрамасы Қазақстан қатысатын әлем біріншілігіне екі Олимпиада чемпионын апарады

18 тамыз, 2025 / Ахмет Қанатұлы
ашық дереккөзден. Суретте: Хулио Сезар Ла Крус

4 қыркүйекте Ливерпульде бокстан тарихи әлем чемпионаты басталады. Бұл турнир алғаш рет World Boxing ұйымының аясында өтеді, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Әлемнің ең мықты құрамаларының бірі – Куба ұлттық командасы жарысқа қатысатын боксшылар тізімін жариялады.

Айта кетейік, Хулио Сезар Ла Крус Ливерпульде алғаш рет аса ауыр салмақта бақ сынайды. Бұған дейін ол 2016 және 2021 жылдардағы Олимпиадада 81 және 91 кг салмақ дәрежелерінде чемпион атанған. Ал Эрисланди Альварестің қоржынында Париж Олимпиадасының алтыны бар.

Тэгтер:

Бокс Әлем чемпионаты Хулио Сезар Ла Крус Эрисланди Альварес