Бақтиер Зайнутдинов Ресейде жүріп үлкен мәселеге тап болды

18 тамыз, 2025 / Ахмет Қанатұлы
"Динамо" футбол клубының баспасөз қызметі. Суретте: Бақтиер Зайнутдинов

Мәскеулік "Динамо" клубының бас бапкері Валерий Карпин ЦСКА-ға қарсы өткен матчта (1:3) қазақстандық жартылай қорғаушы Бақтиер Зайнутдиновты үзілісте не себепті алмастырғанын түсіндірді, деп Sportinside.kz тілшісі "Матч ТВ" арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

– Ойын алдында сіз қорғанысқа қарағанда шабуылға көбірек сұрақ бар дедіңіз. Қазір көзқарасыңыз өзгерді ме?
– Жоқ, өзгерген жоқ. Үш гол жіберу – қорғаныс нашар немесе қорғаныста мәселе бар дегенді білдірмейді. Бірінші голды бізде доп болғанда өткізіп алдық, оған қорғаныс кінәлі емес. Алғашқы он бес минутта бәрі ойдағыдай болды. Кейін гол жібердік, ол ойыншыларға қатты әсер етті, күтпеген жерден соғылған гол суық душ сияқты болды.

–Зайнутдинов үзілісте алаңнан кетті. Неге көңіліңіз толмады?
–Ол өзі ауыстыруды сұрады. Өз-өзін жайсыз сезінді, бәлкім жарақат шығар.

Тэгтер:

футбол Бақтиер Зайнутдинов Динамо Валерий Карпин