"Қысым көрсетті": Танымал продюсер ел естімеген шұғыл мәлімдеме жасады

"Қысым көрсетті": Танымал продюсер ел естімеген шұғыл мәлімдеме жасады

фото: видеодан скриншот

Қазақстандағы танымал актер, сценарист, продюсер әрі режиссер Рүстем Омаров "Offside" сериалының шығуына қатысты екіұшты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Рүстем Омаров Instagram-дағы сторисінде жобаның шамамен шығу уақытын айтты. Сондай-ақ ол өзіне қысым көрсетіп жатқандар бар екенін де жеткізді.

"Футболды ережелер емес, сыбайлас жемқорлық басқарады. Маған қысым көрсетіп, бұл сериалды шығармауды талап етіп жатқан адамдарға айтарым – сіздерді қуанта алмаймын. Биыл күзде футболдың шынайы бет-бейнесін көресіздер", – деп жазды актер.

"OFFSIDE" – Қазақстан футболының ішкі әлемін баяндайтын кино. Сюжет ортасында – бұрынғы белгілі футболшы, қазіргі жаттықтырушы өз командасын әділ жолмен чемпионатта жеңіске жеткізуге тырысады. Бірақ жолында сыбайлас жемқорлық, келісілген ойындар және түрлі қиындықтар кедергі болады.