АҚШ президенті Дональд Трамп тағы бір даулы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Дональд Трамптың айтуынша, 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындары алдында спортшылар қатаң гендерлік тест тапсырады.
"Бұл тестілеу өте-өте қатаң болады. Егер нәтижелері талапқа сай келмесе, спортшылар Олимпиада ойындарына қатыса алмайды", – деп келтіреді Трамптың сөзін USA Today.
Еске сала кетсек, Алжирлік Иман Хелиф 2023 жылғы әлем чемпионатында гендерлік тесттен өте алмағанына қарамастан, Париж Олимпиадасына қатысуға рұқсат алған болатын.
Әйелдер арасындағы Олимпиаданың 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ол финалда қытайлық Ян Люді жеңіп шықты.