Әліби Ыдырыстың UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін қайдан көруге болады?

16 тамыз, 2025 / Ахмет Қанатұлы
instagram.com/alibi_idiris. Суретте: Әліби Ыдырыс

Ертең, 17 тамыз күні таңертең қазақ жауынгері Әліби Ыдырыс (10-0) UFC-мен келісімшарт үшін айқасқа шығады, деп хабарлайды Sportinside.kz.

The Ultimate Fighter финалы аясында Әліби Ыдырыс америкалық Джозеф Моралеспен (12-2) кездеседі. Бұл айқас АҚШ-тың Иллинойс штатындағы Чикаго қаласында өтетін UFC 319 турнирінде болады. Айта кетейік, бұрын қазақстандық спортшылардың ешқайсысы TUF жобасында жеңімпаз атанбаған.

Әліби Ыдырыс – Джозеф Моралес жекпе-жегінің тікелей трансляциясы Қазақстан уақыты бойынша таңғы 03:30-да басталады және UFC-тің ресми сайтында көрсетіледі. 

Сонымен қатар UFC 319 турнирінің басты жекпе-жегінде Әлем Әмірліктерін (ОАЭ) таныстыратын ресейлік Хамзат Чимаев (14-0) пен Оңтүстік Африка өкілі Дрикус Дю Плесси (23-2) күш сынасады. UFC-дің орта салмақтағы чемпионы саналатын Дю Плесси алдағы айқаста өз белбеуін қорғайды.

Тэгтер:

UFC Әліби Ыдырыс The Ultimate Fighter Джозеф Моралес