"Ақымақ" деп кемсітті: Теннисші төрешіні балағаттағаны үшін айыппұл арқалады

15 тамыз, 2025 / Ахмет Қанатұлы
instagram.com/reillyopelka. Суретте: Райли Опелка

Америкалық теннисші төрешіні қорлағаны үшін шамамен 25 мың доллар көлемінде айыппұл арқалады. Мұндай шешімді Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (ATP) қабылдаған, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Ресейлік Роман Сафиуллинмен өткен матч кезінде америкалық Райли Опелка төреші Начо Форкадельді "ақымақ" деп атаған.

"Кешір, Роман. Начо – ақымақ", – деп айтты спортшы Сафиуллинге қарата.

Жуырда теннисшіге осы сөзі үшін 24,6 мың доллар көлемінде айыппұл салынғаны туралы хабарлама келген.

Айта кетейік, сол күні Опелка ресейлік қарсыласына алғашқы айналым матчында 5:7, 4:6 есебімен есе жіберген.

Бұдан бөлек, басылымның жазуынша, америкалық спортшы тағы бір жазаға тартылған – ол физиотерапевтті жалған шақырғаны үшін 30 мың доллар айыппұл төлеуі тиіс. 

Тэгтер:

Теннис Райли Опелка төреші