20 жылға сотталған "Дикий Арманның" әйелі ел алдында шұғыл мәлімдеме жасады

15 тамыз, 2025 / Ахмет Қанатұлы
ашық дереккөзден

Белгілі қылмыс әлемінің өкілі ретінде танылған Арман Жұмагелдиевтің жары Айкөл Аликжанова әлеуметтік желідегі парақшасында енесі туралы жүрекжарды жазбасымен бөліст.

Аликжанова марқұм енесімен, күйеуі және қызы Мариям Мединамен бірге түскен ескі бейнежазбасын жариялады. Ол бұл сәтті өз өміріндегі ең қымбат әрі бағалы естеліктердің бірі ретінде атап өтті. Айтуынша, дәл сол уақытта олар үлкен үй сатып алып, қыздарын бірге тәрбиелеуді армандаған.

"Бұл менің ең сүйікті видеоларымның бірі. Бұл жерде біз өте бақытты едік. Үлкен үй сатып аламыз, сол жерде қызымызды бірге өсіреміз  деп армандаушы едік. Алла бізге аз сынақ бермеді. Енемді өте жақсы көрдім. Енем менің қорғаным еді. Қиын сәттегі қолдаушым еді. Оның өмірден өткеніне сене алмастай қиын жағдайдамын. Оның төсегіне келіп, оны бұрынғыдай құшақтай алмаймын. Ол бұрынғыдай Мариям екеуімізді күтіп алмайды. Енемнің денесін өзім жудым. Жас сәбидей иісі аңқып тұрды. Жұма күні кетті. Ол шейіт болды деп үміттенемін", – деп түйіндеді ол жазбасын.

Тэгтер:

Арман Жұмагелдиев