"Бір-бірінен аумайды": Сара Тоқтамыс алғаш рет өзінің әпке-сіңлілерін көрсетті (ВИДЕО)

15 тамыз, 2025 / Ахмет Қанатұлы
ашық дереккөзден

Танымал айтыскер ақын Сара Тоқтамыс әлеуметтік желіде ерекше әрі жүрекке жылы тиетін бейнежазбасын жариялап, қалың жұртшылықтың назарын өзіне аударды.

Instagram желісіндегі ресми парақшасында ақын өзінің туған әпке-сіңлілерін көрсетті. Бұл видео көрермендер арасында үлкен қызығушылық тудырып, көпшіліктің жылы лебізіне бөленді.

"Әпкеңіз-сіңіліңіз бар ма? Туған әпкелі-сіңлілердің әдемі көрінісі. Әпкең – жанашырың . Сіңілің – тілекшің. Дария мен Панарда бір-бірін демеп жүретін апалы сіңлілер. Динара орамалы жоқ демесеңіз тура өзім түрі", – деп жазды Сара Тоқтамыс.

Бұл жазба мен бейнежазбаға мыңдаған көрермен пікір қалдырып, Тоқтамысовтар әулетінің бірлігі мен тату-тәтті қарым-қатынасына сүйсінді.

Желі қолданушылары "Қос қарлығаштар – Тоқтамысовтар әулетінің мақтаныштары", "Ұшқанда қанаттарың талмасын", "Тал бесіктен өте жақсы тәрбие алған қыздар" деп жылы лебіздерін білдірді.

Тэгтер:

Сара Тоқтамыс үнсайд