Шавкат Рахмоновтың бапкері ел күтпеген тосын жайтты мәлімдеді

15 тамыз, 2025 / Ахмет Қанатұлы
әлеуметтік желіден. Суретте: Эдуард Базров пен Шавкат Рахмонов

DAR Team командасының бас бапкері, Шавкат Рахмоновпен бірге жұмыс істейтін Эдуард Базров қазіргі сәттегі UFC-дің басты жұлдызы кім екенін атады, деп Sportinside.kz тілшісі Betonmobile.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

"Қазіргі таңда UFC-дің сөзсіз басты жұлдызы – Илия Топурия. Ол жекпе-жектерін өте әсерлі өткізеді, кездесулерді жарқын аяқтайды. Өзінің стилі, өзіне тән аурасы, есте қаларлық бейнесі бар. Ол бәрін жасай алады: күресе де алады, соққы да жасайды, нокаутқа жібереді, сабмишнмен де жеңеді. Сондықтан, менің ойымша, дәл қазір ол – UFC-дің басты жұлдызы. Барлығы Топурия жайлы айтып жүр, әлеуметтік желілерде ол туралы жаңалықтар көп. Оның жекпе-жек сәттері, оқиғалары барлық жерде жарияланып жатыр, – деді Эдуард Базров.

Айта кетейік, қазір Топурия салмақ дәрежесіне қарамастан, әлемдегі үздік жекпе-жекшілер рейтингінде бірінші орында тұр. Соңғы кездесуінде ол өзіне екінші дивизионда чемпион атағын алып, Чарльз Оливейраны бірінші раундта нокаутқа жіберді.

Тэгтер:

UFC Шавкат Рахмонов Илия Топурия Эдуард Базров DAR Team