2014 жылы Германиямен бірге әлем чемпионы атанған неміс маманы Йоахим Лёв Өзбекстан ұлттық құрамасының бас бапкері болу туралы ұсынысты қабылдамады, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Германияның Bild басылымының мәліметінше, Йоахим Лёв Өзбекстан футбол қауымдастығы өкілдерімен елдің Берлиндегі елшілігінің қолдауымен онлайн-келіссөз жүргізген. Ол бұл ұсынысты бірнеше күн ойланғаннан кейін қабылдамауға шешім шығарған.
Себептердің бірі – 1978 жылы танысып, кейін отбасын құрған жұбайы Даниэлла Шмидтің пікірі болды. Ол Лёвтың басқа елге жұмысқа кетуін қаламай, екеуінің тыныш зейнет өмірін жалғастырғанын қалаған.
Айта кетейік, 65 жастағы бапкер 2014 жылы Германия құрамасын әлем чемпионы етіп, ФИФА тарапынан "Жылдың үздік жаттықтырушысы" атағын алған. 2021 жылдың наурызында Германия құрамасынан кеткеннен бері Лёв ешбір клубты немесе ұлттық құраманы жаттықтырмаған.