Жәнібек Әлімханұлының келесі қарсыласының есімі белгілі болды

14 тамыз, 2025 / Ахмет Қанатұлы
instagram.com/janibek_alimkhanuly. Суретте: Жәнібек Әлімханұлы

WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының менеджері Эгис Климас WBC белбеуінің иегері Карлос Адамеспен жекпе-жек толық болмай қалған жағдайда қазақ боксшысы үшін қандай балама нұсқалар бар екенін айтты, деп хабарлайды Sportinside.kz.

"Ең алдымен, Жәнібектің Top Rank деген промоутері бар. Мен оның менеджерімін, бірақ матчмейкер емеспін. Дегенмен, сұрағыңызға жауап берсем, орта салмақта үлкен есімдер көп емес. Онда тағы кім бар? Лара? Ол қазір өз бабында емес, бірақ оның еншісінде WBA белбеуі бар. Сіз Жәнібекті білесіз, ол кәдімгідей ірі жігіт. Ол екінші орта салмаққа көтеріле алады. Бірақ ол орта салмақтағы барлық белбеулерді біріктіргісі келеді. Сол себепті ол шыдамдылықпен осы титулдардың бәрін жинайтын уақытын күтіп жүр, содан кейін басқа салмаққа өтеді, – деді Климас 3 Knockdown Rule подкастында.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы соңғы жекпе-жегін 5 сәуірде Астанада өткізіп, франциялық боксшы Анауэль Нгамиссенгені бесінші раундта нокаутқа жіберді.

Тэгтер:

Бокс Жәнібек Әлімханұлы Карлос Адамес келесі жекпе-жек