Танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желідегі парақшасында гендер патидің видеосын жариялады.
Жұлдыз Әбдікәрімова Instagram желісіндегі ресми парақшасында гендер пати жасағанын хабарлады. Бірақ өз балаларының ортасында, у-шусыз жасағанын құптағанын айтты.
"Аса қатты гендер патиді жасағым келмеді. Бірақ, төрт құбыламның көңілін қимағандықтан у-шусыз өткізейік деп ортақ шешімге келдік. Сонымен, баланың жынысы мен эмоцияға толы кешіміздің толық нұсқасын менің YouTube арнамнан көре аласыз", – деді Жұлдыз Әбдікәрімова.
Желі қолданушылары актрисаны құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. Көпшілігі баланың қыз болатынын болжады, ал кейбірі бастысы – сәбидің дені сау болып дүниеге келуі екенін атап өтті.