"Әкесі кім өзі?": Жұлдыз Әбдікәрімова гендер пати жасап, перзентінің жынысын айтты (ВИДЕО)

"Әкесі кім өзі?": Жұлдыз Әбдікәрімова гендер пати жасап, перзентінің жынысын айтты (ВИДЕО)

фото: ашық дереккөзден. Суретте: Жұлдыз Әбдікәрімова

Танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желідегі парақшасында гендер патидің видеосын жариялады. 

Жұлдыз Әбдікәрімова Instagram желісіндегі ресми парақшасында гендер пати жасағанын хабарлады. Бірақ өз балаларының ортасында, у-шусыз жасағанын құптағанын айтты.

"Аса қатты гендер патиді жасағым келмеді. Бірақ, төрт құбыламның көңілін қимағандықтан у-шусыз өткізейік деп ортақ шешімге келдік. Сонымен, баланың жынысы мен эмоцияға толы кешіміздің толық нұсқасын менің YouTube арнамнан көре аласыз", – деді Жұлдыз Әбдікәрімова.

Желі қолданушылары актрисаны құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. Көпшілігі баланың қыз болатынын болжады, ал кейбірі бастысы – сәбидің дені сау болып дүниеге келуі екенін атап өтті.