"Өнерге қайта оралмаймын": Мақпал Жүнісова әншілікті қойғанын айтып, жылап қалды (ВИДЕО)

13 тамыз, 2025 / Ахмет Қанатұлы

Танымал әнші Мақпал Жүнісова сұхбат барысында әкесін еске алып, көзіне жас алды.

Өнер иесі журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында әке аманаты жайлы сыр шертті.

"Үлкен ағам Болат қайтыс болып кетті. Бір қызды құтқарамын деп Ертістің суына ағып кетті. Сосын бір жылдан кейін әкем қайтыс болды. Әкем қайтыс болғанда, "өнерге қайта оралмаймын" дедім. Шешем үйден қуғандай боп, әрең шығарды ғой. "Әкең өлерінің алдында сенің "Папажан" деген әніңді радиодан тыңдап, "міне, менің қызым" деп мақтанған" деді шешім. Сол кезде "Мақпал әнін тастамасын, әнін жалғастырсын" деп айтыпты. Әке аманатына адал болдым. Ол кісі мене үлкен үміт күтті", – деп еске алды Мақпал Жүнісова.