Сүйінші! Асхат Аймағамбетов бар қазақты қуантатын жаңалығын айтты

13 тамыз, 2025 / Ахмет Қанатұлы

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желіде Қазақстан үшін маңызды жаңалықпен бөлісті.

13 тамыздан бастап Starlink компаниясы елімізде ресми түрде спутниктік интернет қызметін іске қосты. Бұл туралы Асхат Аймағамбетов Facebook-тегі ресми парақшасында сүйіншіледі.

"Starlink – Қазақстанда. Ресми. Шалғай ауылдан мегаполиске дейін әлемдік деңгейдегі интернет қолжетімді", – деп жазды депутат.