"Миллиардтаған ақша": "Қайрат" футбол клубы Чемпиондар лигасынан қанша пайда тапты?

"Миллиардтаған ақша": "Қайрат" футбол клубы Чемпиондар лигасынан қанша пайда тапты?

фото: "Қайрат" футбол клубы. Суретте: "Қайрат" футбол клубының ойыншылары

Алматылық "Қайрат" футбол клубы 2025/26 маусымындағы УЕФА Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шығып, қомақты сыйақыға ие болды, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Клуб Словакияның "Слован" командасымен өткен үшінші іріктеу кезеңінде екі ойын қорытындысы бойынша пенальти сериясында жеңіске жетіп, келесі кезеңге өтті.

Чемпиондар лигасының негізгі іріктеу кезеңіне жолдама алғаны үшін "Қайрат" 4,29 миллион еуро (шамамен 2,5 млрд теңге) табыс тапты. Егер алматылықтар плей-офф кезеңінде жеңіске жетсе, табысы 18,62 миллион еуроға (шамамен 11,7 млрд теңге) дейін өседі.

Плей-офф кезеңінде "Қайрат" Шотландия чемпионы – Глазгоның "Селтик" клубымен кездеседі. Жеңімпаз Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жолдама алады, ал жеңілген команда Еуропа лигасының топтық кезеңінде ойнайды.

Алғашқы ойын 20 тамызда Глазгода, ал жауапты матч 26 тамызда Алматыда өтеді.