Атақты театр актері Тұңғышбай Жаманқұлов тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаев туралы өз ойын білдірді.
Тұңғышбай Жаманқұлов журналист Нұрсейіт Жылқышыбайға берген сұқбатында Болат Назарбаевпен жасаған қарым-қатынасы туралы айтып берді.
"Болат Назарбаевтың екінші әйелі Майра мен менің келіншегім бір тойларда кездесіп, сыйласып қалған еді. Майра кейіннен тойларға шақырған соң, келіншегіммен мен де бірге баратынмын. Бір-екі тойында болдық. Сол тойларда Бөкеңнің көңілі толып, қалтасынан пачка-пачка ақшасын шығарып, аспанға шашқанын көрдім. Көрдім де, оған: "Бөке, мынау ұят болады ғой. Үлкен кісіден ұят болады ғой. Біреу-міреу түсіріп алып, салып жіберсе не болады" деп едім. "Қойшы, не болар дейсің" деп жауап берді. Кейін-кейін сап тыйдым. Баруды қойдым", – деді Тұңғышбай Жаманқұлов.