Владимир Вайсс ойыннан кейін "Қайраттың" киім ауыстыратын бөлмесіне бас сұқты (ВИДЕО)

13 тамыз, 2025 / Ахмет Қанатұлы
видеодан скриншот

Словакиялық "Слован" клубының бас бапкері Владимир Вайсс Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі жауапты матчтан кейін алматылық "Қайраттың" киінетін бөлмесіне кірді, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Вайсс бұрын өзі жұмыс істеген командаға құрмет білдіру үшін "Қайрат" ойыншыларын жеке-жеке құттықтап шықты. Бұл сәттің видеосы алматылық клубтың Instagram парақшасында жарияланды.

Еске сала кетейік, Рафаэль Уразбахтин жаттықтыратын "Қайрат" клубы қарсыласынан пенальти сериясында басым түсіп, Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне жолдама алды. Келесі айналымда қазақстандық клуб шотландиялық "Селтик" командасымен кездеседі.

Тэгтер:

Қайрат Слован Владимир Вайсс