Танымал әнші Мақпал Жүнісова Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойында орын алған бір жайтты еске алды, деп хабарлайды todayinfo.kz.
Әншінің айтуынша, бұл оқиға туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазған.
"Кеше "Архат" ауылының әкімінің анасын Қарауылдың күзетшілері сахнаға өткізбей қойыпты. Ол кісі мені үш жарым сағат күтіп, концерт аяқталған соң сахна артындағы киіз үйге келіп, бата берді. “Мақта әпке, үлкен рақмет, ғұмырлы болыңыз!" – деді", – деп бөлісті Мақпал Жүнісова.