"Қайрат" футбол клубы УЕФА Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі қарымта матчын өткізді, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Еурокубоктық турнирдің бұл кезеңінде алматылық "Қайрат" футбол клубы словакиялық "Слован" командасымен кездесті. Негізгі уақытта "Слован" командасы 1:0 есебімен жеңіске жеткен болатын. Ойынның 30-минутында "Слован" клубының ойыншысы Мак гол соққан еді.
Алайда Алматыда өткен алғашқы ойында "Қайрат" словакиялық ұжымды дәл осындай есеппен ұтқан еді. Сондықтан матч тағдыры пенальти сериясында шешілді.
Пенальти сериясының нәтижесі бойынша "Қайрат" футбол клубы 4:3 есебімен жеңіске жетті.
Енді "Қайрат" УЕФА Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде өнер көрсетеді. 19 тамызда алматылық ұжым Шотландияда "Селтик" командасына қарсы кездесу өткізеді. Қарымта матч 26 тамызда Алматыдағы Орталық стадионда өтеді.