Танымал боксшы Бақтияр Артаевтың баласы Әлинұр Артаев әлеуметтік желіде жан тебірентерлік жазба жариялады, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Боксшының ұлы Әлинұр Артаев TikTok желісіндегі ресми парақшасында әкесі туралы сыр шертті. Видеода ең бірінші әкесінің "Кейін мен сияқты болмас үшін жақсылап жұмыс істе, балам" деген сөзін салады.
"Сіз сияқты ма? Әлемдегі ең еңбекқор еркек? Барлығын төменнен бастаған, спорт саласында аянбай тер төгіп, бүкіл әлемді мойындаттыңыз. Кейін менің болашағым жарқын болу үшін? Мен сіз сияқты болуды тек қана армандай алам, әкешім!" – деп жазды Әлинұр Артаев.
Айта кетейік, Бақтияр Артаев 2004 жылғы Афины Олимпиадасында бокстан чемпион атанды. Қазіргі таңда ол Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы болып қызмет етіп келеді.