"Сенің шаруаң емес": Айгүл Иманбаева күйеуі туралы ел естімеген әңігмені айтты (ВИДЕО)

"Сенің шаруаң емес": Айгүл Иманбаева күйеуі туралы ел естімеген әңігмені айтты (ВИДЕО)

фото: әлеуметтік желіден. Суретте: Айгүл Иманбаева мен жолдасы

Танымал әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева адамның бойындағы озық қасиеттері туралы айтып, не нәрсеге ұмтылу қажеттігін жеткізді.

Айгүл Иманбаева Instagram желісіндегі ресми парақшасында өзіңмен жасаудың үлкен деңгейге жетелейтіні туралы видео жариялады.

"Достар, мен дамығанды жақсы көремін. Өзіммен жұмыс жасағанды жақсы көремін. Кітап оқығанды жақсы көремін. Тіл оқығанды жақсы көремін. Менің түсінгенім – адам тек өзімен ғана жұмыс жасауы керек. Біреудің ішкенімен, жегенімен, киінгенімен, кіммен жүргенімен, қайда жүргенімен, тіпті оның бақытты не бақытсыз екенін ойламау керек, сіздің шаруаңыз емес. Бұл Құдайдың құзырындағы нәрсе. Тыныштықта, жайлы үйлесімде өмір сүргіңіз келсе, күн-түн тынбай өзіңмен жасауыңыз керек", – деді Айгүл Иманбаева.

Сонымен қатар желі қолданушылары да Айгүл Иманбаеваның мотивацияға толы сөздерін жоғары бағалап, оның білімі мен ақылына таңданыстарын білдірді.