Еркін күрестен ұлттық құрама бапкерлері биылғы әлем чемпионатына баратын спортшылар тізімін бекітті, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Команда сапында екі әлем чемпионы бар: Ризабек Айтмұхан мен Нұрқожа Қайпанов. Сондай-ақ, Ризабек Айтмұханның басты қарсыласы Әлішер Ерғали енді 125 кг салмаққа ауысты. Құрамада дебютант та бар – бұрынғы ресейлік балуан Начын Куулар да әлем чемпионатында бақ сынайды.
Толық тізім:
- 57 кг – Әділет Әлмұхамедов
- 61 кг – Асылжан Есенгелді
- 65 кг – Начын Куулар
- 70 кг – Нұрқожа Қайпанов
- 74 кг – Әлібек Әбілқасым
- 79 кг – Болат Сақаев
- 86 кг – Азамат Дәулетбеков
- 92 кг – Камил Куруглиев
- 97 кг – Ризабек Айтмұхан
- 125 кг – Әлішер Ерғали
Айта кетейік, әлем чемпионаты Хорватия астанасы Загребте 13-21 қыркүйек аралығында өтеді.