"Дикий Арман" атымен танылған Арман Жұмагелдиевтің жұбайы Айкөл Аликжанова әлеуметтік желідегі парақшасында енесін еске алып, жүрекжарды жазбасын бөлісті, деп хабарлайды Democrat.kz.
Аликжанова марқұм анасымен, күйеуі және қызы Мариям Мединамен бірге түскен ескі видеосын жариялап, бұл сәттің өз өміріндегі ең қымбат естеліктердің бірі екенін айтты. Оның сөзінше, сол кезде олар үлкен үй сатып алып, қызына бірге тәрбие беру жайлы армандаған.
"Бұл менің ең сүйікті видеоларымның бірі. Бұл жерде біз өте бақытты едік. Үлкен үй сатып аламыз, сол жерде қызымызды бірге өсіреміз деп армандаушы едік. Алла бізге аз сынақ бермеді. Енемді өте жақсы көрдім. Енем менің қорғаным еді. Қиын сәттегі қолдаушым еді. Оның өмірден өткеніне сене алмастай қиын жағдайдамын. Оның төсегіне келіп, оны бұрынғыдай құшақтай алмаймын. Ол бұрынғыдай Мариям екеуімізді күтіп алмайды. Енемнің денесін өзім жудым. Жас сәбидей иісі аңқып тұрды. Жұма күні кетті. Ол шейіт болды деп үміттенемін", – деп түйіндеді ол жазбасын.