"Жаны жәннатта болсын": Асхат Маемиров қазақ халқына қаралы хабарды естіртті (ФОТО)

12 тамыз, 2025 / Ахмет Қанатұлы
ашық дереккөзден

Әлемге танымал театр режиссері, өнер майталманы Юрий Бутусов 63 жасында өмірден өтті. Бұл туралы театр режиссері Асхат Маемиров Instagram желісіндегі ресми парақшасында айтты.

Мәдениет қайраткерінің өлімінің нақты себебі әзірге жарияланған жоқ.

Юрий Бутусов 1961 жылы Ленинград облысының Гатчина қаласында дүниеге келген. Санкт-Петербург театр өнері академиясының режиссура факультетін тәмамдаған. Дипломдық жұмысы – "Годоны күту" спектаклі оған үлкен танымалдық әкеліп, беделді "Алтын маска" жүлдесімен қоса бірнеше марапатқа ие етті.

Шығармашылық жолында ол Санкт-Петербургтегі Ленсовет атындағы театрды және Мәскеудегі Вахтангов атындағы театрды басқарған. Режиссердің әйгілі қойылымдары қатарында "Шағала", "Макбет. Кино", "Король Лир", "Отелло" секілді классикалық туындылар бар. Сонымен бірге, Юрий Бутусов ГИТИС-те ұстаздық етіп, жас режиссерлердің бірнеше буынын тәрбиеледі.

Тэгтер:

үнсайд Юрий Бутусов