"Сүйінші, ағайын": Танымал журналист қалың көпшілікке қуанышты жаңалығын айтты (ВИДЕО)

12 тамыз, 2025 / Ахмет Қанатұлы

Танымал журналист Руслан Өтепбай әлеуметтік желідегі парақшасында қуанышты жаңалығын бөлісті.

Руслан Өтепбай Instagram желісіндегі ресми парақшасында ұзақ үзілістен кейін телевизияға қайта оралғанын айтып, көпшіліктен сүйінші сұрады.

"Ардақты ағайын! 9 айлық үзілістен соң қайтадан ТВ-ға оралдым. Қанша уақытқа келгенімді бір Алла ғана біледі. Бірақ берілген мүмкіндікті қалт жібермей, ел үшін еңбек етуді командамен жалғастырамыз. Жаңа бағдарламаның атауын – "Әділдік алаңы" деп атадық. Әділдік іздеген жандар осы студияда мұратына жетсе деген арман", – деп жазды Руслан Өтепбай.