Қаралы хабар: Елге танымал әлем чемпионы 50 жасқа қараған шағында қайтыс болды

12 тамыз, 2025 / Ахмет Қанатұлы
pixabay.com

Кәсіпқойлар арасында кикбоксингтен бұрынғы әлем чемпионы Дмитрий Лиходумов 50 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды Sportinside.kz.

«Mash на спорте» Telegram арнасының мәліметінше, спортшының денесі Балашиха қаласындағы бос жатқан аумақтан табылған. Лиходумовтың денесінен көптеген соққы іздері анықталған.

Дмитрий Лиходумов – Ресейдің бірнеше дүркін чемпионы, Еуропа чемпионаттарының күміс және қола жүлдегері, сондай-ақ әлем чемпионатының финалисі болған.

Тэгтер:

Дмитрий Лиходумов кикбоксинг