Алматылық "Қайрат" футзал клубы Қазақстан құрамасының ойыншысы Жомарт Тоқаевпен ресми түрде келісімшартқа қол қойғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Осылайша, Тоқаев биылғы маусымда "Қайраттың" алғашқы жаңадан келген ойыншысы атанды. Өткен маусымда Жомарт Талдықорғанның "Жетісу" клубында өнер көрсетіп, 37 матчта 15 гол соғып, 9 нәтижелі пас берген.
"Жетісудан" бөлек, Тоқаев өз мансабында "Семей" және "Атырау" клубтарында ойнаған.
Еске сала кетсек, 2024/25 маусымында Алматының "Қайраты" футзалдан Қазақстан чемпионы атанып, финалда "Семейді" 3:1 есебімен жеңген еді.