Бүгін, 12 тамызда Словакияның Братислава қаласында Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінің жауапты ойыны өтеді. Онда жергілікті "Слован" қазақстандық "Қайратты" қабылдайды, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Жауапты ойынның тікелей эфирі Қазақстан уақыты бойынша сағат 23:15-те басталады. Бұл матчты тікелей эфирде "Qazsport" телеарнасынан көрсетеді. Сондай-ақ, мәтіндік трансляциясы да қолжетімді.
Еске сала кетсек, командалар арасындағы алғашқы матч 6 тамызда Алматыда өтіп, "Қайрат" 1:0 есебімен жеңіске жеткен еді. Жалғыз голды 90-шы минутта Дастан Сатпаев пенальтиден соқты.
Егер "Қайрат" Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне жолдама алса, онда келесі қарсыласы шотландиялық "Селтик" клубы болады.
Бұған дейін "Қайрат" турнирді алғашқы кезеңде словениялық "Олимпияны" (екі ойын қорытындысы бойынша 3:1) жеңіп бастаған, ал екінші кезеңде финляндиялық КуПС клубын (3:2) ұтқан.