Өзбекстан құрамасы Бангкокта (Таиланд) өткен жастар арасындағы Азия чемпионатының жалпы медаль кестесінде бірінші орынға ие болды, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Екі турнирдің (U19 және U22) қорытындысы бойынша өзбек боксшылары 15 алтын, 9 күміс және 7 қола медаль жеңіп алды. Қазақстан 7 алтын, 9 күміс және 6 қола медальмен екінші орынға жайғасты. Үздік үштікті Қытай түйіндеді – 6 алтын, 1 күміс және 8 қола.
Азия чемпионатындағы жапы медаль кестесі:
- Өзбекстан – 15-9-7
- Қазақстан – 7-9-6
- Қытай – 6-1-8
- Үндістан – 4-11-12
- Таиланд – 4-1-3
- Жапония – 2-0-3
- Иран – 1-1-4
- Филиппин – 0-2-2
- Тайвань – 0-2-3
- Моңғолия – 0-1-3
- Вьетнам – 0-1-6
- БАӘ – 0-1-0
- Оңтүстік Корея – 0-0-10
- Қырғызстан – 0-0-2
- Индонезия – 0-0-1
- Катар – 0-0-1
- Бутан – 0-0-1
- Гонконг – 0-0-1
- Непал – 0-0-1
- Малайзия – 0-0-1
Айта кетейік, Бангкокта өткен U19 және U22 Азия чемпионаттарын World Boxing ұйымы алғаш рет ұйымдастырды. Бұл – IBA мен ASBC бірнеше ай бұрын Шри-Ланка астанасы Коломбода өткізген осындай біріншіліктен кейінгі алғашқы турнир болды.