Қызын ұзатқан Қанат Айтбаевқа жаңа құдасы қымбат сыйлық табыстады (ВИДЕО)

11 тамыз, 2025 / Ахмет Қанатұлы
әлеуметтік желіден

Танымал өнер иесі Қанат Айтбаевқа жаңа құдасы ерекше сыйлық жасады.

Жақында ғана қызын ұзатып, дүркіретіп той өткізген Қанат Айтбаевқа жаңа құдасы қазақтың ежелден келе жатқан салт-дәстүрінің бірі – ат мінгізіп құрмет көрсетті. Шымкентте өткен бұл ерекше сәтке көпшілік куә болып, жылы лебіздерін білдірді.

Қалың жұртшылық ортасында Қанат Айтбаев сән-салтанатымен безендірілген тұлпарға мінді. Аттың жабуы көк түсті ұлттық ою-өрнекпен өрнектеліп, кейбір көрермендер мұны Қазақстан туына ұқсатып, әлеуметтік желіде пікірталас тудырды. Бір бөлігі бұл әрекетті дәстүрлі сый-сыяпат пен құрметтің белгісі деп қабылдаса, енді біреулері мемлекеттік рәмізді ат жабуына ұқсатып қолдану орынсыз екенін айтты.

Тэгтер:

үнсайд Қанат Айтбаев