Қалың көпшілікке "Қазақстан барысы" турнирі арқылы танылған балуан Бейбіт Ыстыбаев әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа жазба жариялады, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Бейбіт Ыстыбаева Instagram желісіндегі ресми парақшасында жан тебірентерлік жазба жариялап, жауын астында жаттығу жасап жатқан видеосын салып қойды.
"Уақыт – бәріне емші. Кейде жүректегі жараны, жанның ауыртпалығын, сағынышты, өкпені немесе жоғалтудың қасіретін де уақыт қана жеңілдетеді. Уақыт өткен сайын біз де есейеміз, сабыр табамыз, кешіреміз, қабылдаймыз. Сол арқылы рухымыз күшейіп, өмірге деген көзқарасымыз өзгереді. Бір сөзбен айтқанда, уақыт – сабырдың, үміттің, сауығудың серігі", – деп жазды Бейбіт Ыстыбаев.
Айта кетейік, Бейбіт Ыстыбаев қазақ күресінен "Қазақстан барысы" турнирінің үш дүркін жеңімпазы (2012, 2015, 2016) атанған. Сондай-ақ ол аталмыш турнирде 2011 жылы күміс жүлдені қанжығасына байлаған.