"Шегіртке болуға дайынмын": Джей Лоның Алматыдағы концертінде күтпеген оқиға болды (ВИДЕО)

"Шегіртке болуға дайынмын": Джей Лоның Алматыдағы концертінде күтпеген оқиға болды (ВИДЕО)

фото: видеодан скриншот

Дженнифер Лопестің Алматыдағы концерті көрермендердің есінде тек қызу шоуымен ғана емес, сахнадағы тосын оқиғамен де қалды.

Бір нөмір кезінде әлемдік жұлдыздың мойнына шегіртке шыққан. Әнші оған сабырмен қарап, жай ғана сілкіп тастап, өнерін жалғастыра берген. Бұл сәт видеоға түсіп, әлеуметтік желілерде тез тарады. Пайдаланушылар мұны әзілге айналдырды:

"Джей Лоға қолын тигізген жалғыз қазақ", "Шегірткені 1 млн-ға сатамын. Ол JLO-ның мойнында болды", "Тіпті шегіртке Джей Лоның концертіне барды, ал сен бара алмадың", "Джей Лоның мойнында болу үшін шегіртке болуға дайынмын".