"Менен қашып жүрсің бе?": Зайнутдиновке өзбек футболшысы күтпеген сөз айтты

11 тамыз, 2025 / Ахмет Қанатұлы
sportinside.kz коллажы. Суретте: Бақтиер Зайнутдинов пен Элдор Шомуродов

Түркияның "Истанбул Башакшехир" клубы мен Өзбекстан құрамасының шабуылшысы Элдор Шомуродов "Бешікташтан" мәскеулік "Динамо" клубына ауысқан Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдиновке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sportinside.kz.

28 шілдеде "Динамо" клубы Зайнутдиновтың ресми түрде командаға қосылғанын жариялады. Ол мәскеулік клубпен 2029 жылдың жазына дейін келісімшартқа қол қойды, сонымен қатар келісімді тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігі бар.

Элдор Шомуродов Бақтиер Зайнутдиновтың Instagram-дағы жазбасына:

"Менен қашып жүрсің бе, бауырым?" – деп әзіл аралас пікір қалдырды.

Айта кетейік, 10 шілдеде Элдор Шомуродов Италияның "Рома" клубынан жалға алу келісімі бойынша "Истанбул Башакшехирге" ауысқан еді. Ол Зайнутдиновпен бірге бір кездері Ресейдің "Ростов" клубында ойнаған. Сол кездегі олардың бапкері қазіргі "Динамоның" бас бапкері Валерий Карпин болған.

Тэгтер:

футбол Бақтиер Зайнутдинов Динамо Элдор Шомуродов Истанбул Башакшехир