Бангкокта (Тайланд) өткен World Boxing ұйымының 19 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте үздік үштікке де ене алмады, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Бұл біріншілікте қазақ боксшылары 2 алтын, 5 күміс және 6 қола медаль иеленіп, тек бесінші орынмен шектелді.
Турнирдің абсолютті жеңімпазы – Өзбекстан құрамасы (7 алтын, 3 күміс, 3 қола). Екінші орынға Үндістан (3 алтын, 7 күміс, 4 қола) жайғасса, үшінші орынды Қытай (3 алтын, 1 күміс, 5 қола) иеленді. Ал төртінші сатыда – алаң иелері Тайланд құрамасы (3 алтын, 0 күміс, 2 қола).
Жалпыкомандалық медаль кестесі (U-19 Азия чемпионаты, бокс):
- Өзбекстан – 7-3-3
- Үндістан – 3-7-4
- Қытай – 3-1-5
- Тайланд – 3-0-2
- Қазақстан – 2-5-6
- Иран – 1-0-4
- Жапония – 1-0-2
- Филиппин – 0-2-0
- Тайвань – 0-1-1
- БАӘ – 0-1-0
- Оңтүстік Корея – 0-0-4
- Вьетнам – 0-0-3
- Қырғызстан – 0-0-2
- Индонезия – 0-0-1
- Катар – 0-0-1