фото: видеодан скриншот
Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов өзінің жеке шығармашылық кешінде тосын хабарды айтты.
Тұрсынбек Қабатов 6 шілде – Астана күніне арнайы өткізген концертінде өз денсаулығына байланысты жаңалықты жеткізді.
"Жақында басыма операция жасатқам. Тромб болып қалып, басымның крышкасын алып тастады. Осы тұрғанда, алдарыңызға жартыбас боп шығып тұрмын. Арасында бірдеңелерді қайталап кетсем, түсінерсіздер", – деді Тұрсынбек Қабатов.