фото: t.me/modgovkz
Қорғаныс министрлігі Алматы облысында жүргізіліп жатқан іздестіру операциясы барысында екінші мәйіттің табылғанын хабарлады.
"EC-145 тікұшағы құлаған ауданда жүргізіліп жатқан іздестіру-құтқару шаралары кезінде екінші мәйіт табылып, су бетінен көтерілді. Қазіргі уақытта уәкілетті органдардың қатысуымен оны тану рәсімі жүргізілуде", – делінген Қорғаныс министрлігінің хабарламасында.
Ақпаратта іздестіру жұмыстары Қорғаныс министрлігі, ТЖМ, ІІМ және басқа да ведомстволардың барлық қажетті күштері мен құралдарын тарта отырып, тәулік бойы жүргізіліп жатқаны атап өтілген.