Еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан Ақтөбеде өткен ірі халықаралық Wrestling Stars League 4 турнирінде топ жарды, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Ризабек Айтмұхан 97 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, қатарынан үш ресейлік балуанды – Константин Пшеничниковты, Рамазан Шабановты және Омар Зияутдиновты жеңді.
Айта кетейік, Ризабек Айтмұхан – Қазақстан тарихындағы еркін күрестен тұңғыш әлем чемпионы. Сондай-ақ ол 2023 жылы бірден үш жас санатында әлем чемпионы атанып, рекорд орнатқан. 2024 жылы спортшы 23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем чемпионатында да жеңіске жетті.